Жылыту мәселесі бойынша қайда жолығуға болады?

Ақтөбе әкімдігінің 2016 жылғы 1 маусымдағы №226 қаулысына сәйкес жергілікті атқарушы органдармен облыстың өндірістік және әлеуметтік нысандарын 2016-2017 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңіне дайындау жұмыстары жүргізілуде. ПИК жазбаша өтінішіне сәйкес «Трансэнерго» АҚ-мен бірлесіп тұрғын үйлерге жылу қосу жұмыстары жүргізіледі. Жылыту мәселесі бойынша қосымша ақпарат алу үшін 21-15-77 телефоны арқылы қала әкімдігінің тәулік бойғы диспетчерлік қызметіне, «Трансэнерго» АҚ – 54-19-19, 56-36-87 телефондары арқылы хабарласа аласыз.

Қосылды: 
12.08.2016 - 11:59
Соңғы өзгерiстер: 
12.08.2016 - 11:59