Ақтөбе өңірінде мал дәрігерлік орындардың саны артады

Дүйсенбі, 9-қыркүйек күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Арман Өтеғұловты және ҚР АШМ ВБҚК Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Темірбек Нұртазинді қабылдады.

Кездесуге сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Аманғали Бердалин, ветеринария басқармасының басшысы Кеңес Қанатбаев қатысты.
 Басқосуда комитет төрағасы мал,жан-жануарлар арасындағы сарып (бруцеллез) ауруына қатысты көрсеткішке тоқталды. Өткен жылдармен салыстырғанда Республика көлемінде сондай-ақ, Ақтөбе өңірінде жағдай тұрақты аталған аурудың саны төмендеген.
Сонымен қатар, Арман Өтеғұлов Ақтөбе облысында медпункттердің санын арттырып және мал дәрігерлерінің жалақысын көбейту керектігін айтты.
Аймақ басшысы аталған мәселелерді шешу бойынша орынбасары Аманғали Бердалинге нақты тапсырмалар жүктеп, қажетті қаражат бойынша ұсыныс әзірлеуді тапсырды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі