Ақтөбе облысы Қазақстан мұнайының 120 жылдық мерейтойын атап өтті

Бейсенбі, 29 тамыз  күні өткен мерекелік кешке Энергетика министрлігі, департамент, атқарушы орган өкілдері  «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның өкілдері мен ардагер азаматтар қатысты. Мұнайшыларды  құттықтауға арнайы келген  облыс әкімі Оңдасын Оразалин қара алтын өндіру саласында еңбек еткен ардагерлер мен өндіріс мамандарына  мерекелік медаль табыс етті.
«Мұнайшылар мен газ саласы қызметкерлерінің еңбегі ұлттық экономиканы дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға қомақты үлес қосуда. Еліміз бойынша Ақтөбе облысы ірі өнеркәсіптік аймақтардың бірі болып табылады, ал тау-кен өндірісі аймақ экономикасын дамытудың негізгі драйвері. Республикада өндірілетін мұнай мен газ көлемінің 7 пайызы Ақтөбе өңірінде өндіріледі»,-деп атап өтті аймақ басшысы.
Өңірде  жыл сайын 6 млн. тонна  мұнай және 7 млрд. текше метр көлемінде газ өндіріледі.  25 мың азамат өндірісте және 15 мың адам қызмет көрсету компанияларында жұмыс жасайды.
Мерекелік жиында  эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, келушілерге  көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі