Ақтөбе облысының әкімі ҰОС ардагерлерін құттықтады

Жұма, 7 мамыр күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ақтөбелік ҰОС ардагерлері  Николай Пащенко, Нажимедин Аманбаев, Михаил Диденколардың шаңырағында болды.
Ақсақалдарды Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен арнайы құттықтаған аймақ басшысы қарияларға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын жеткізіп, өз атынан алғыс хат табыстады.
Ақтөбе ферроқорытпа зауытының ардагері Николай Пащенконың жеке өз құрметіне үйінің ауласында Жеңіс шеруі ұйымдастырылды. Әскери оркестр «Жеңіс күні» әнін шырқады және 6655әскери бөлімінің сарбаздары аулада шерулетіп, сап түзеп соғыс ардагеріне әскери жоралғымен сәлем берді. Қария құрметіне арналған шеруді пәтерінің терезесінен тамашалады.

Николай Пащенко 17 жыл Ақтөбе ферроқорытпа зауытында еңбек еткен. 93 жастағы қарт – 19 мың қызметкері бар «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның көзі тірі жалғыз ардагері.
Бұған дейін ол бесінші қабатта тұрған. Дегенмен кіріп-шығуы қиынға соққан. Өткен жылы ERG акционерлері қарияға төменгі қабаттан екі бөлмелі пәтерді жихазымен бірге сатып алып берді.
Жеңістің 75 жылдығын ардагердің отбасы жаңа пәтерде мерекелік дастарханмен қарсы алып отыр.
Айтып өтейік, өңірде тұратын 6795 соғыс және еңбек ардагерлеріне облыстық бюджеттен 341 млн теңге көмек берілген. 29 майдангерге 1 млн теңгеден, 1777 ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендерге 100 мың тг, 222 соғыс ардагерінің жесіріне 50 мың тг, 4988 тыл ардагеріне 30 мың тг табысталды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі