Ақтөбе облысының әкімі мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

23 маусым күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ҚР Мемлекеттік қызметші күніне орай әкімдік аппаратының 16 қызметкерін марапаттады.

«Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер екені белгілі. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет. Өйткені, мемлекеттік қызметші – биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді»,-деп атап өтті аймақ басшысы.

Облыс әкімі алдымен Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Саламат Аманбаевқа ҚР Президентінің Алғыс хатын табыстады.

«ТЖ кезінде ерекше қызметі үшін» төсбелгісімен бөлім басшылары мен бас мамандарды Нұржан Әбілғазин, Райхан Сисекенова, Марат Балғазин, Серік Бектенғалиев, Бауыржан Талғатұлын марапаттады.

Сонымен қатар, 11 мемлекеттік қызметкерге облыс әкімінің алғыс хаты табысталды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі