Ақтөбе облысының әкімі жұмыс сапарымен Ырғыз, Шалқар аудандарында болды

20 маусым күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ырғыз ауданы Қалыбай ауылындағы қазақтың ақбас асыл тұқымды мүйізді ірі қара малын өсірумен айналысатын “Нұрайна” ШҚ болды. 2014 жылы құрылған қожалықта 234 бас қазақтың ақбас асыл тұқымды мүйізді ірі қарасы бар.. Оның 104 басы аналық сиыр. Ағымдағы жылы 82 бас төл алып 2019 жылмен салыстарғанда 11 басқа артық алып отыр.

Аймақ басшысы ШҚ алаңында ұйымдастырылған ауылшаруашылық көрмесін тамашалады. Көрмеге аудандағы 10-нан астам ІҚМ, ҰМҚ, тауық, қоян өсірумен айналысатын ШҚ өнімдері қойылды. 2020 жылы “Сыбаға” бағдарламасы арқылы 24 МІҚ, ҰМҚ 167 алынған. Сонымен қатар, жылыжай, балық, сүт өнімдерін өндіретін ШҚ жұмыстары стенде таныстырылды. Ауданда “Қарапайым заттар экономикасы” аясында атқарылған жұмыс көрсеткіші өте төмен. Жоспардағы бес жоспардың біреуі ғана орындалған.Облыс әкімі аталған мәселеге қатысты аудан басшысына сын-ескертпе жасады. Одан соң, Оңдасын Оразалин Құтикөл ауылындағы 150 орындық клубы үйінің жұмысымен танысты. Биылғы жылдың мамыр айында пайдалануға берілген мәдениет ошағында модельді кітапхана орналасқан. Ырғызда “Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020” бағдарламасы бойынша 892 млн тг 8 жоба жүзеге асырылуда. Өңір басшысы Құтикөл ауылынан Жарма ауылы бағытына шығатын көпір құрылысын қарады. Ұзындығы 54,8 м2 болатын көпір қыркүйек айында аяқталады. Және барлық жобалар биыл аяқталады.
М.ҚАРАБАЕВ, Т.ЖАМАНМҰРЫНОВ, ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 20 ЖЫЛ, ҚАБЫРҒА ЖӘНЕ ЖҮРГЕНОВ көшелерінің күрделі жөндеу жұмыстарын бақылады. Жөндеу жұмыстарына облыстық бюддеттен 281 848 000 теңге бөлінді. Ұзындығы 3607,45 м құрайды.
Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 35 адам осы жұмысты атқаруға тартылды.Облыс басшысының тапсырмасы бойынша жол құрылыстарын депутаттар мен жергілікті белсенді азаматтар қоғамдық бақылауда ұстау қажет болатын. Алайда, жөндеу жұмыстары қоғамдық бақылау тарапынан қадағаланып отырған жоқ. Облыс әкімі бұл кемшілікке қатысты да ескерту берді. Сонымен қатар, құрылысы 2017 жылы басталған орта мектеп, 2018 жылы дене шынықтыру сауықтыру кешеннің құрылыстары мердігер мекеменің жауапсыздығынан әлі күнге дейін аяқталмай тұр. Өңір басшысы барлығын заң аясында шешуді тапсырды.
Облыс әкімінің жұмыс сапары Шалқар ауданында жалғасты. Жылтыр ауылында 2017жылы «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасымен іске қосылған жылыжайда болды. Көлемі 0,04га құрайтын егін алқабында қияр егілген. Жылына екі рет, әр маусымда 2-3 тонна өнім алынады. Өндіретін өнімі қияр, жуа, дәмдеуіш жапырақтар. Шалқар қаласындағы сауда дүкендеріне қолжетімді бағамен өнімдерін тұрақты өткізеді . 2 адамды жұмыспен қамтып отыр. Өңір басшысы 1988 жылы салынған №6 мектептің күрделі жөндеуімен танысты. “Жұмыспен қамту жол картасы” мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жоба құны 233 млн тг. Мектеп жанында 101 оқушыға интернат бар. Жөндеу жұмыстары тамыз айында аяқталады. Аудандағы тағы бір кәсіпорын «Шалқар Premium - 2» минералды су құю зауыты 2020 жылы наурыз айында іске қосылған. Айына «SHALQAR» емдік-асханалық минералды суы1,5 л 2 млн 400000 ПЭТ бөтелке, 0,25-0,5л 1млн 500000 шыны бөтелке су шығарады. Кәсіпкер 2020-2021 жылдары инвестиция құны 540 млн тг болатын қымыз өндіруді жоспарлайды. Шалқардағы кір сабын шығаратын цех 2019 жылы іске қосылған. Айына 10- 15мың сабын өндіруге қауқарлы. Шикізаттар Қарағанды,Қостанай облыстарынан алады. Екі түрлі көлемде шығатын сабындар Шалқар ауданының дүкендеріне жеткізіледі. Өңір басшысы «Талап» сервистік дайындау орталығы мал сою алаңыжұмысымен, Шалқар қаласындағы Әйтеке би, Есет Көтібарұлы көшелерінің орташа жөндеуімен, «Бизнестің жол картасы-2020» бойынша ашылған “Тuz-Еm” тұз шахтасының, “Шалқар саясы” мүгедектерді қолдау орталығының жұмыстарымен танысты.

Өңір басшысы Шалқар көлі жағалауындағы суармалы жерлердің жұмыстарын көрді. Барлығы 9 шаруа қожалығы, 2 ауылшаруашылық кооперативі, 8 жеке кәсіпкер бау-бақша егумен айналысып, жыл сайын ауылшаруашылық өнімдерін алады. Аудан халқын картоп, көкөніс және бақша дақылдары өнімімен қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар Шалқар қаласының тұрғындарына өз аулаларында бау-бақша егіп өнім алу үшін көлдің суы тартылып берілген. Суаруға осы Шалқар көлі суын пайдаланады. Шалқар қаласы тұрғындары барлығы өз аулаларында 321,7 га жерге картоп, көкөніс және бақша дақылдарын егумен айналысады.
Шалқар көлі жағасында 2020 жылы барлығы 92,5 га жерге картоп, көкөніс және бақша дақылдары егілді. Оның ішінде картоп – 29,1 га, көкөніс – 39,9 га, бақша – 23,5 га. Өткен жылы 80 га жерге егілсе, а.ж. 12,5 га жерге артық егілді. Облыс басшысы аудан әкімі Бауыржан Қаниевке құрылыс жұмыстарын сапалы, әрі уақытылы аяқталуын, кәсіпкеплерлерге қолдау көрсету қажеттігін сондай-ақ, шаруашылықтардағы мал жүнін өткізуді бір жүйеге келиіруді тапсырды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі