Ақтөбе облысының әкімі жол-көлік апатынан қаза болғандар мен зардап шеккендердің туыстарына көмек көрсетуді тапсырды

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Мұғалжар ауданында жол-көлік апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туыстарына көмек көрсетуді тапсырды.

18 наурыз таңертең Жаңажол-Северная трува» автотрассасында «Урал» су тасымалдаушысы және күзет фирмасының қызметкерлерін алып келе жатқан «ПАЗ» автобусы соқтығысты. Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиғаның салдарынан автобустың жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза болды. Автобустың тағы 9 жолаушысы және су тасушының жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. Жол-көлік оқиғасының себептері зерттелуде.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Мұғалжар және Темір ауданының әкімдері қаза тапқандардың, зардап шеккендердің туыстарына қажетті көмек көрсету және тергеу іс-шараларын жүргізу үшін оқиға орнына жолға шықты.  

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі