Ақтөбе облысында шаруа қожалықтарын қолдау артып келеді

6 қыркүйек, жұма күні облыс басшысы Оңдасын Оразалин Алға ауданында жұмыс сапарымен болып, бірқатар ауылшаруашылық нысандарын аралады. Бестамақ ауылдық округіндегі жылқы бордақылаумен айналысатын «Есбол» ШҚ бұл кәсіпті өткен жылы қолға алған. Қожалықта 500 жылқы бордақылануда. Етін Ақтөбе облысынан  өзге РФ-на экспорттайды. Жақында бордақылау алаңы маңынан  жем сақтауға арналған қойма, мал сою алаңдарының құрылысы, және жұмысшыларға жатақхана берілмек.
Облыс әкімі бұдан соң, Бестамақ ауылдық округі Бесқоспа ауылындағы сүт өңдеу бағытында ашылған  «Сығылай» шаруа қожалығының жұмысын көрді. Күніне 600 литр сүт өндіреді. Ірі сүт өндіру орындарына өткізеді. Қожайыны Әлібек Айтбаев  ауылшаруашылық саласындағы кәсіппен алғаш айналысуы. Тәуекелге бел буған азамат  қазірде  10 адамды жұмыспен қамтып, шаруасын дөңгелетіп отыр. Қазіргі уақытта етті сүтті бағытындағы 144 МІҚ соның ішінде 4 бас бұқа , 85 бас сиыр, 55 бас бұзау  бар. Айына 30 тонна сүт өнімін алады. Қожалық иесі малдарын сапалы жеп-шөппен қамту үшін облыс әкімінен суармалы жер бөлуге қолдау көрсетуді сұрады. Оңдасын Оразалин аудан әкімі мен ауылшаруашылығы басқармасының басшысына  мәселені тез арада қолға алып,  бос жатқан жерлерді пайдаға асыруды тапсырды.
Аймақ басшысы ауылдық округтегі 98 бала білім алып жатқан «Бестамақ» орта мектебінде болды. Жаңадан салынған білім ошағы спорт зал, асхана, компьютерлік жабдықтармен қамтылған. Қыс мезгілінде көгілдір отын арқылы жылынады. Оңдасын Оразалин мектеп ішін аралап, оқушылардың жағдайын білді. Өңір басшысы Алға қаласында салынып жатқан 60 пәтерлі көп қабатты тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Құрылысы осы жылдың желтоқсан айында аяқталуы тиіс. Құрылыс жұмыстарына – 501,346 млн.теңге бөлінген. 5 қабатты нысанның жалпы көлемі 3362,2 м2, пәтерлердің  көлемі – 3274,0 м2. «СтройМунайСервисАктобе» ЖШС мердігер компаниясы қазір тұрғын үйдің екінші қабатын бастаған. Аймақ басшысы құрылыс жұмысын қарқындатуды, баспананы  уақытында өткізуді  тапсырды.
Оңдасын Оразалин Қарағаш ауылдық округінде болып, «Аманбай» ШҚ жұмысын көрді. 2015 жылдан бастап асыл тұқымды мал  шаруашылығымен, мал азығын дайындаумен айналысады. Шаруашылық  мүйізді ірі қара малдың «Сементал» асыл тұқымын өсіріп, асыл тұқымды  мал өсіру  мәртебесін   иемденуде. 337 бас мүйізді ірі қара  мен   288 бас қой, 14 бас жылқы малы   бағылуда. Шаруашылықтағы тауарлы сүт фермасында  барлық  инфрақұрылымы салынған  сыймдылығы  125 бас мүйізді   ірі  қараға   3 мал базасы, 4 пәтерлі малшылар үйі  салынған.
Осы ауылдық округке қарасты асыл тұқымды жылқы  шаруашылығымен, мал азығын дайындаумен  айналысатын  «Жансая» ШҚ 2010 жылдан  Қазақ ССР мемлекеттік премиясының лауреаты «Мұғалжар» және «Көшім» асыл тұқымды жылқысының  авторы  С.Ырзабаевпен  жұмыс жасап келеді. Оңдасын Оразалин шаруа қожалық иесімен, және «Мұғалжар» және «Көшім» асыл тұқымды жылқысының  авторы  С.Ырзабаевпен кездесіп, жылқы өсіру бағытында  қолға алынуы қажет мәселелерді тыңдады. Республика бойынша ет-сүт өнімі бағытындағы жергілікті тұқымдар палатасының директоры Еркегүл Тілегеннің айтуынша облыста 148 мың асыл тұқымды жылқы бар. Оларды сақтап, санын арттыру  үшін мамандар қажетті шараларды қолға алған.

Қожалық еліміздегі үш ет-сүт бағытындағы  палата құрылтайшысының    біреуі болып тіркелген. Шаруашылық 2012 жылдан бастап  қымыз сауумен айналысады. 637   бас асыл тұқымды жылқы, 56 бас МІҚ мен  162 бас  ұсақ мал  өсірілуде.  
Алға ауданында түрлі бағыттағы  шаруа қожалықтардың жұмысымен танысқан   өңір басшысы аудан әкімі Мамырғали Аққағазовқа  кәсібін жаңа бастаған шаруаларды  қажетті  қолдау көрсетуді айтты.
Ақтөбе облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Құсайын Сәрсенбаев өңірде 6000 нан аса  шаруа қожалықтар жұмыс жасайтынын жеткізді. Өңірде  жылдан-жылға кәсіпкерлікті қолға алған азаматтар саны мен оларға көрсетілетін қолдау артқан.
«Ауылшаруашылығы саласының дамуы өңір экономикасының алға жылжуына тікелей қатысты болғандықтан, бұл саланы одан әрі жандандыру қажет, әсіресе кәсібін жаңа бастаған азаматтарға қолдан келгенше қолдау көрсетілсін, және бос жатқан жерлерді тиімді пайдаға асыру қажет,»-деді облыс басшысы.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі