Ақтөбеде ERG-дің II КТК Кубогі ойыны ұйымдастырылды

4 қазан жұма күні, Ақтөбеде "Еуразиялық топ" (ERG) компаниясының 25 жылдығына орай кәсіпорындар қызметкерлерінен құралған көңілді тапқырлар клубы арасында ERG-дің II КТК Кубогі ойыны ұйымдастырылды. Өнер орталығында өткен шараға Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, жергілікті Ақтөбе қаласынан жалпы 9 команда өнер көрсетті.

Мерекелік кеште облыс әкімі Оңдасын Оразалин, "Еуразиялық Топ" ЖШС Бақылау Кеңесінің Төрағасы Алдияр Қазтаев және т.б сыйлы қонақтар болды.
Металлургтер мен кеншілер, энергетиктер мен көлік қызметкерлері арасында әзілге толы қойылымдар сахналанды. Кешті КТК жоғары Лигасының чемпионы, «Спарта»командасының мүшесі Артем Примак жүргізді.ERG КТК-шылары өздерінің қағытпа қалжыңдарын үш кезеңде - сәлемдесу, бейнетаныстыру, әуенді үй тапсырмасымен көрсетті.Залға жиналған қауым әзілге толы кештің куәгері болды.
Айтып өтейік,Eurasian Resources Group (ERG) – кәсіпорындары қазып шығару, өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг салаларында толық біріктірілген, табиғи қорларды өңдейтін әлемдегі ең ірі әртараптандырылған компаниялардың бірі. Әлемдегі 15 елде Еуразиялық Топтың кәсіпорындары мен бизнесті дамыту жобалары жұмыс істеуде.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі