Ақпарат

Коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін 15 мың теңге өтемақы тиесілі 7 санаттың құрамына кіретін тұрғындар облыс әкімдігінің http://aktobe.gov.kz/ сайтына кіріп, өтініш қалдыра алады. «Компенсация по ЕПД» деп аталатын бөлімге өтіп, ЖСН нөмірін жазу керек. Бұдан соң, өтініш беруші тұрғын өзінің әлеуметтік статусын көрсетеді және коммуналдық төлемақы бойынша түбіртектердегі дербес шоттарын жазады. 15 мың теңге көлеміндегі қаражат есебінен ыстық және суық су, кәріз құбыры, жылу, электр жарығы, газ, тұрмыстық қалдықтар шығару және жеделсатыны қолдану бойынша төлемдер шегеріледі.
Бұл сәуір және мамыр айының жоғарыда аталған коммуналдық төлемдері өтеледі деген сөз. Коммуналдық төлемдердің дербес шоты өтініш берушінің атында немесе оның зайыбының (жұбайының) атында (ерлі-зайыптылар бір үйде тұрулары тиіс) болуы керек. Жалдамалы үйде (жалдамалы пәтерде) тұрып жатқандардың коммуналдық төлемдері өтелмейді. Жалпы, бұл төлем 24 мың ақтөбеліктің дербес шоттарынан шегеріледі деп күтілуде.