Ауыл шаруашылығы

Қосылды: 
10.08.2016 - 08:30
Соңғы өзгерiстер: 
10.08.2016 - 08:30

Елбасының тапсырмасына сәйкес жыл сайын өңірде егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары жүргізілуде, соңғы 3 жыл ішінде мал азығы дақылдарының егіс алқабы 1,5 есе өсті.

Егіс құрылымы, мың. га

Атауы

2017 жылы

2018 жылы

Астық

389,9

340,9

Жемшөптік

213,6

177,2

Майлы

41,0

38,2

Картоп

6,14

5,95

Көкөністер және бақша дақылдары

5,3

5,0

Жалпы ауданы

567,6

567,4

2017 жылы 567,4 мың га ауыл шаруашылығы дақылдары себілді , оның ішінде 389,9 мың га дәнді дақылдар, 41,0 мың га майлы дақылдар, 213,6 мың га мал азығы дақылдары, 6,14 мың га картоп және 5,3 мың га көкөніс-бақша дақылдары.

Көктемгі далалық жұмыстарын жүргізуге облыс шаруашылықтары тұқым және жанар жағармаймен толық қамтамасыз етілді

Көктемгі далалық жұмыстарды дер кезінде жүргізу үшін «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ 214,2 млн. теңге көлемінде несие қаражаттарын бөлді.

 Өсімдік шаруашылығын дамыту, облыс тұрғындарын өз өнімдерімізбен қамтамасыз ету, оның ішінде картоп және көкөніс,мал шаруашылығын сапалы азықпен қамтамасыз ету мақсатында аудандарда суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

.

Облыста суармалы жерлердің алқаптарын кеңейту бойынша жұмыстар тұрақты жүргізілуде, 2015 жылдан бастап 10,0 мың га-ды құрады, осылайша суармалы жерлердің көлемі 21,9 мың га-ға жеткізілді.

Қосымша суармалы жерлерді айналымға тарту мақсатында халықаралық қаржы ұйымдарының қаражаты есебінен жалпы алаңы 18,9 мың га қажетті инфрақұрылымды жеткізу бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде, 2018 жылы Инфрақұрылым 8,3 мың га жүргізілді, 2019 жылы 10,6 мың га өткізу жоспарлануда.

Бұдан басқа, су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында су тасқыны кезеңінде жаңа су қоймаларын салу қажеттілігі туындады, қазіргі уақытта 10 жобаға ТЭН әзірленуде.

Бұл ретте, жаңа су қоймаларын салу кезінде 32,9 мың га алқапта суармалы жерлерді айналымға тарту және суармалы жерлерде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру бойынша ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі пайда болады.

Бұдан басқа, облыс аумағында су тасқынын ұстау мақсатында қосымша

25 ұсақ су қоймасы.                                          

Аталған 25 ұсақ су қоймасы салынған және пайдалануға берілген жағдайда қосымша 27,1 мың га суармалы жерлерді айналымға тарту мүмкіндігі бар.

Жалпы, су қоймаларын салу бойынша жұмыстарды 2022-2025 жылға дейін аяқтау және суармалы жерлердің көлемін 100,0 мың га дейін жеткізу жоспарлануда.

Жылыжай кешендерін дамыту

Облыс бойынша қуаты жылына 16 630,4 тонна 38,37 га жылыжай кешендері бар. 2018 жылы 20 га алаңды құрайтын "Грин Капитал" ЖШС» жылыжай кешені салынды.

Қолданыстағы жылыжай кешендері маусым аралық кезеңде облыс қажеттілігінің 51,7 %  қамтамасыз етеді.

 

Сонымен қатар, 2016 жылыірі инвестициялық жобалар шеңберінде «GreenhouseKazakstan» ЖШС 9,5 га жылыжай кешенінің (2016 жылы-бірінші кезең 6,5 га) құрылысы басталды.

Қосылды: 
09.08.2016 - 12:24
Соңғы өзгерiстер: 
14.05.2019 - 06:24
ТіркемеКөлем
Image icon image0011.jpg63.94 KB
Image icon image002.jpg69.33 KB
Image icon image003.png113.19 KB
Image icon image004.jpg56.64 KB
Image icon image005.jpg53.21 KB
Image icon image006.png142.64 KB
Image icon image007.png107.69 KB
Image icon image008.png121.04 KB