Аппарат басшысы ҰОС ардагерін құттықтады

Облыс әкімі аппаратының басшысы Нұғманов Амангелді Шайхулұлы 9 мамыр мерекесі қарсаңында ақтөбелік Ұлы Отан соғысының ардагері, 1925 жылы туған Юрий Пономаревті Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады.

Құттықтау барысында Амангелді Шайхулұлы Юрий Григорьевичке Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың атынан құттықтау жеделхатын тапсырды. Сонымен қатар ардагерге Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путиннің атынан алғыс хат және Ақтөбе облысының әкімі О.С. Оразалиннің атынан сағат пен арнайы дайындалған жемістер, кәмпиттер, шәй және хош иісті кофе жиынтығы салынған кәрзеңке ұсынды.

Әңгіме барысында Юрий Григорьевич соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісіп, сол кезеңнің қасіреті мен сот процестері туралы айтып берді. Ол сондай-ақ жастық шағы мен соғыстан кейінгі бақытты жылдары туралы айтты.

Осыдан кейін Юрий Григорьевич барлығына ыстық құттықтаулары және марапаттар мен сыйлықтар үшін алғыс айтып, барлығына бейбітшілік пен жақсылық тіледі. Өскелең ұрпаққа бейбіт әлемнің тыныштығын бағалап, Отанды сүюін тіледі.