АЛҒА АУДАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫМЕН ТАНЫСТЫ

Ағымдағы жылдың 20 мамырында облыс әкімінің бірінші орынбасары  Қалауов Нұржауған Алға ауданына жұмыс сапарымен келіп, Бестамақ, Үшқұдық, Қарақұдық, Қарахобда ауылдық округтеріндегі «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың жүргізілу ретімен танысты.

Аталған бағдарлама аясында Алға ауданында 16 жоба (білім саласына қатысты-2 жоба, денсаулық саласында -2 жоба, табиғатты қолдану бойынша -1 жоба, суға қатысты - 3 жоба, жолға қатысты - 8 жоба) 1 млрд 640 млн теңгеге жоспарланған болатын. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу аясындағы барлық конкурстар аяқталып,  жеңімпаз мердігерлер анықталды. Соның нәтижесінде бірқатар жұмыстар жүзеге асырылып жатыр. 

Алғаш болып Бестамақ ауылдық округіне барған Нұржауған Серікұлы ауылдық округтегі І.Мәмбетов көшесіндегі жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарымен танысты. Мердігер «Дорстрой Ақтөбе» ЖШС-і жасап жатқан күрделі жөндеу жұмысына 62 млн теңге қаражат бөлінген. Соның нәтижесінде, 880 м жол жөнделуде.

Содан соң, Үшқұдық ауылдық округіне қарасты  Жерұйық  ауылының ауыз сумен қамтамасыз ету жобасының, Үшқұдық ауылының жаңа тұрғын үй массиві, Қарақұдық ауылдық округіндегі Тікқайың, Көктоғай елді мекендері мен Қарақобда ауылының газдандыру жұмысының барысын бақылады. 

Құрылыс нысандарын аралау кезінде облыс әкімінің орынбасары  мердігерлер мен тапсырыс берушілер арасындағы келіссөздерде көрсетілген міндеттердің толық орындауын басты назарға алу керектігін айтып, жасалып жатқан жұмыстарды уақытылы аяқтау туралы тапсырмалар берді.

Көтерілген негізгі мәселелер: Көктоғай,Тікқайың, Қарақобда ауылдарының кіріспе және ауылішілік газдандыру жұмыстарын қабылдау үшін жұмысшы топ жіберу. Техникалық құжаттаманың экспулациялық ұйымға жіберілуін анықтау, қабылдануын қадағалау. Үшқұдық және Қарақұдық ауылдарының  даму перспективаларын ескере отырып, Жерұйық ауылын газдандыру үшін Сазды ауылы арқылы газдандыруға ЖСҚ дайындауға ықпал ету.

 Жеке кәсіпкер  А.Будусова   бала бакша құрылысына «Завод железобетонных изделий 16-16» ЖШС-нен   жалпы құны 1082,0 млн.теңгеге   сатып  алған бетон жабындыларынан акаулар анықталып,   жарымсыз болуына  байланысты (экспертиза актісі бар),  тауар өндірушіден тауарды алмастыруды талап еткен өтініші  орындалмауына  сәйкес  Ақтөбе қалалақ сотына жүгінді.    Соттың 27.11.2019 жылғы шешіміне сәйкес  жеке кәсіпкер Будусованың  талап арызы , кәсіпкердің пайдасына шешілді.  Бүгінгі күнге  «Завод железобетонных изделий 16-16» ЖШС  сот шешімін орындамай, 1082,0 млн теңге  сомасы  қайтарылмай отыр.