Аймақ басшысы «Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің отырысына қатысты

Бейсенбі, 29 тамыз күні «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының ғимаратында облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен партияның Ақтөбе облыстық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.   
Іс-шараға партияның облыстық филиалы Саяси кеңесінің  және облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясы мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері, аудан әкімдері, партияның аумақтық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары және басқарма, департамент басшылары қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің 2019 жылдың 21 тамызындағы кеңейтілген отырысының шешімдерінен туындайтын міндеттер және оны жетілдіру  жолдары  туралы, облыстық партия филиалының Саяси кеңесі Бюросының құрамына өзгеріс  енгізу туралы мәселелер қаралды.
Аймақ басшысы партияның алдағы мақсат-міндеттеріне кеңінен тоқталып, партия жұмысын одан әрі жүргізу бағытында бірқатар тапсырмалар берді.
- Жуырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен кеңейтілген отырыста Елбасы ел дамуының  стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін партияның қоғамды жұмылдыру үдерісінде маңызды  рөл атқаратынын атап өтті. Партия төрағасы сайлау заңнамасын реформалау нәтижелеріне тоқталып, қабылданған пропорционалды жүйе озық әлемдік тәжірибеге сай келетінін және  демократияны  дамытуға  септігін  тигізетінін  атап  өтті. Елбасы бағдарламаға сәйкес партияны белсенді мүшелерін топтастыру, жемқорлықпен  күресті күшейту және партиядан лайықты емес мүшелерді шығару үшін шаралар қабылдауды тапсырды. Біз, жергілікті билік органдары мемлекет тарапынан жасалатын көмектің ел тұрғындарына оңтайлы әрі тиімді болуын, дұрыс жеткізілуін қамтамасыз етуіміз қажет, – деді облыс әкімі.  
Жиын барысында «Nur Otan» партиясы АОФ төрағасының орынбасары Н.Ағниязов, облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясының жетекшісі А.Есіркепов, «Nur Otan» партиясы АҚФ төрағасының бірінші орынбасары Н.Жүсіпов, «Жас Отан» ЖҚ төрағасы А.Бүркіталиндер баяндама жасады.
Жиын соңында «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы, партия Төрағасы Н.Назарбаев партия жұмысын жаңғырту бойынша жауапкершілікті арттыру және партияның ақпараттық саясатын қайта қарап, жастар саясатының тиімділігін арттыру тапсырылды.  
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі