«SHANIRAQ Aqtobe» қоғамдық қоры қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

Рамазан айының бірінші күнінде «SHANIRAQ Aqtobe» қоғамдық қоры қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет аталған қордың ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласындағы аз қамтылған және жалғызбасты 300 отбасына бірінші қажеттіліктегі азық-түлік қоржындарын волонтерлар мен кәсіпкерлердің көмегімен үйіне дейін жеткізіп беру акциясының жүру барысымен танысты.

Акция үш күнге созылып, азық-түлік қоржынына бірінші қажеттіліктегі азық-түліктің 15 түрі енді.
Аталған қайырымдылық шараға қаланың шағын және орта бизнес өкілдері, жеке кәсіпкерлер, азық-түлік дүкен иелері және қала тұрғындары белсене қатысты.
Ораза айының кезінде кәсіпкерлер тарапынан халыққа жәрдем беру шаралары тұрақтары жалғасын табады.
Рамазан айы қарсаңында, төтенше жағдай кезінде халыққа қол ұшын созып, көмек бергендері үшін барлық акцияға қатысушы азаматтарға алғыс білдіреміз.