«АҚТӨБЕ» жастар хоккей командасын «JASTAR» кубогінің бірінші ойынындағы жеңісімен құттықтаймыз!

Бұл қуанышты жағдай кеше Қарағандыда әйгілі «Сары Арқа» мұз айдынында орын алды. Дәл сол жерде біздің команданың капитаны Серік Арғымбаев ұтып алған ҚР «JASTAR» ЖХК кубогын биікке көтеріп, «Ақтөбе» ЖХК ақырғы матч көрермендері алдында жүріп өтті.

Өткен матч ешкімді бей-жай қалдырмады, әсіресе, оны өз көздерімен немесе youtube каналы арқылы көргендерді. Ақырғы ойынды көруге мүмкіндігі болмағандар үшін жеңіс матчы туралы қысқаша. Сонымен, ақырғы ойын – бұл әдетте үлкен менмендік және жарыс соңындағы зор жауапкершілік. Екі команда да матч басында рухпен келіп, беделді олжаның иегері болуға толық бел байлады. Ақырғы ойынның бірінші минуттарында-ақ біздің жас өоккейшілердің толқынысы байқалды, шайба берудегі қателіктері соның нәтижесі. Осындай олқылықтардың бірі матчтың екінші минутында бірінші шайбаны өткізіп алуға әкеліп соқты. «Арлан» ЖХК есепті 0:1 қылды. Бірақ, біздің балаларға тиістісін қайтару қажет, сәтсіздік оларды естен тандырмады, керісінше, құлшындрып, «Ақтөбе» ЖХК матчтың бірінші кезеңі бойы бастаманы бекем ұстап отырды. Ақтөбе командасының артықшылығы басым, қақпаға көп рет лақтырды, бірақ шабуылды сәтті аяқтаулары жетіспейді, тек кезеңнің соңғы минутында ғана есепті 1:1 етіп теңестіруге мүмкін болды. Мұны Иван Зинченко Руслан Смиғуллин берген шайбамен іске асырды! Матчтың екінші кезеңі «Ақтөбе» ЖХК-ның қарқынды шабуылымен басталып, ойынның 22 минутында Павел Королевскийдің алыстан лақтырған шайбасын Александр Своеволин имек таяғымен әдемі тосып алды да біздің команда осы матчта алғаш рет алға шықты! Есеп – 2:1!

Екі командада да тәртіп бұзушылықтар жиі орын алып тұрды, ойыншылардың ойыннан шығарылуы да командалардың көңіл-күйіне әсер етпей қоймады. Осылайша, толық емес құрамдардың ойынында біздің жас ойыншылар шеберлік пен даралық танытып, матчтың 25-ші минутында біздің Леонид Беляев тамаша шайбаны «Арланның» қақпасына салды да есеп айырмасы 3:1 болды. Алайда арқаны кеңге салуға әлі ерте еді, өйткені «Арлан» 34-ші минутта өзінің сандық артықшылығын дәлелдеп, есеп 3:2 болды. Осылайша матчтың екінші бөлігі аяқталы.

Үшінші кезеңнің басында «Арлан» ЖХК кездесуді өз пайдасына шешу үшін аянбай шабуыл жасады. Бірақ, біздің балалар көкшетаулықтардың бастапқы қарқындарын тыйып, өздерінің стильді әрі адымды ойындарына көше алды. 44-ші минутта біздің хоккейшілер өздерінің сандық артықшылықтарын кезекті рет пайдалана отыра, «Арланның» қақпасына 4-ші шайбаны салды. Голлдың авторы – Руслан Самиғуллин! Таблодағы есеп 4:2!

Кездесудің бұл маңызды сәтінің шарықтау шегі біздің жас команданың капитаны Серік Арғымбаев пен көкшелік Даниил Клепиков арасындағы тафгайлық жекпе-жек болды. Ол біздің ойыншыларға белсенді түрде тиісіп, өзін спортшы ретінде ұстамады! Бұл көрініс матчты тамашалап отырған жұртшылықтың көңілін бір көтеріп тастады. Әділдік орнап, бұл біздің капитанның осы бір ресми емес мұздағы жекпе-жектетегі бейресми жеңісінде көрініс тапты. Әрине, содан кейін айыппұл санкцияялары болып, солтүстік өңірден келген команданың онсызда нашар жағдайын одан сайын нашарлатып жіберді. Ойын қайта басталғаннан кейін бірден, матчтың 45-ші минутында, ақтөбеліктер есепті алға шығарып, 5:2-ге жеткізді! Шайба Иван Зинченконың активіне жазылды. Матчтағы шиеленіс екі команданың ойыншылары тағы да ойыннан кеткеннен кейін күшейе түсті. Шаршағандық сезіледі, салдарынан қателіктер көбейіп барады. 57-ші минутта «Арлан» командасы «Ақтөбенің» қорғаушысының қателігін пайдаланып, есептегі айырманың 5:3-пен өзгертті. «Арлан» ЖХК-ның жаттықтырушылары тәуекелге барып, қақпашыны алтыншы ойыншыға ауыстырды да шабуылға шықты, алайда бәрі бекер. Біздің жас хоккейшілер осы ойынға жеңіс нүктесін қойып, алтыншы шаййбаны финалдық сиренамен қатар салды! Гол Атқарыс Матқабылдың қоржынында. Сирена ойнады да таблодағы есеп 6:3 деп көрсетті. Біздің ойыншылардың «JASTAR» кубогінің бірінші ойынындағы еңбек сіңірген және жарқын жеңісі. Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысы өздерінің хоккейге қабілетті екенін дауыстап мәлімдейді!
Біздің жас ойыншыларды, «Ақтөбе» ЖХК-ның бүкіл жаттықтыру және менеджерлік құрамын маңызды жетістіктерімен құттықтаймыз және жаңа маусымда ақтөбелік хоккей жанкүйерлерін шайбаларымен қуантып, облысымызға жаңа танымалдылық әкелетін жарқын матчтарды тілейміз!